«Нұрлы жол» басталды

Print

   1 18              2 14

«Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясат аясында Алматы-1 –Шу темір жол телімінің екінші желісінің құрылысын жүргізу және электрлендіру басталды.

Екінші жол құрылысының ашылу салтанатына ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты.  

Бұрыннан келе жатқан 306 шақырымға созылған  темір жол желісінде пойыз қозғалысы тасқындай түсуде. Бұл жаңа екінші темір жол желісін салу арқылы жолдың өткізу қабілеті қазіргі 25 миллион тоннадан 80 миллион тоннаға дейін артады. Сонымен қатар жүк пойыздарының уақыты да екі есеге қысқарады.

Жобаны жүзеге асыру барысында басты 110 шақырымдық жол салынады. Басты жолдың бойында 92 дана инженерлік құрылғылар болса,  22 темір жол көпірі,  екі жол өткелі салынады.

Соңғы жылдары Астана-Алматы темір жол желісінің жоғарғы қабаты біршама жаңғыртылды.  Ол арқылы «Тұлпар» жүрдек жолаушылар пойызының қозғалыс жылдамдығы арта түсті.

Құрылыс басталған кезде онда 1500-ден астам жұмыс орны қамтылады.

Мемлекеттік маңызы зор жобаны жүзеге асыру - ел экономикасына зор серпін беретін болады.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі