Print

   1 18              2 14

«Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясат аясында Алматы-1 –Шу темір жол телімінің екінші желісінің құрылысын жүргізу және электрлендіру басталды.

Екінші жол құрылысының ашылу салтанатына ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты.  

Бұрыннан келе жатқан 306 шақырымға созылған  темір жол желісінде пойыз қозғалысы тасқындай түсуде. Бұл жаңа екінші темір жол желісін салу арқылы жолдың өткізу қабілеті қазіргі 25 миллион тоннадан 80 миллион тоннаға дейін артады. Сонымен қатар жүк пойыздарының уақыты да екі есеге қысқарады.

Жобаны жүзеге асыру барысында басты 110 шақырымдық жол салынады. Басты жолдың бойында 92 дана инженерлік құрылғылар болса,  22 темір жол көпірі,  екі жол өткелі салынады.

Соңғы жылдары Астана-Алматы темір жол желісінің жоғарғы қабаты біршама жаңғыртылды.  Ол арқылы «Тұлпар» жүрдек жолаушылар пойызының қозғалыс жылдамдығы арта түсті.

Құрылыс басталған кезде онда 1500-ден астам жұмыс орны қамтылады.

Мемлекеттік маңызы зор жобаны жүзеге асыру - ел экономикасына зор серпін беретін болады.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 
Print

1 15

Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында Қазақстан- Түркменстан- Иранмен арадағы жаңа темір жол желісін пайдалану жайы талқыланды.

Өткен жылы желтоқсанда үш мемлекет басшылары Н. Назарбаев, Г. Бердымұхамедов, Х. Рауханидың қатысуымен  Өзен-Берекет-Гөрган транс шекаралық темір жол магистралы ашылды. 

Жақында  үшжақты келісімге дейін ҚТЖ вице-президенті Қанат Алпысбаев Иран темір жолының президенті Хусейн Ашуримен кездескен болатын.

Бүгінгі іскерлік кездесу барысында ҚТЖ вице-президенті Қанат Алпысбаев Түркменстан темір жол көлігі министрінің орынбасары Бегенч Гелдиевпен және Иран темір жол қозғалысы мен пайдалану жөніндегі вице-президенті Хусейн Ашуримен бірқатар мәселелерді ортаға салды. Оның ішінде үш мемлекеттің аумағында жүрдек контейнерлік пойызды ұйымдастыру жайы қаралды.

Қытайдан шығатын контейнерлік пойызды Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Түркменстан, Иранға одан әрі Түркияға, Индияға, Пәкстан мен Парсы шығанағы елдеріне жіберу талқыланды. Қазақстанан шығатын ферроқорытпаны Бендер-Аббас портына жеткізу, әрі қарай Оңтүстік Корея, Жапонияға шығаруға дайындығы сарапталды.

Сондай-ақ, Қазақстан- Түркменстан – Иран халықаралық темір жолымен жүк тасымалдаудың бірыңғай тарифын белгілеу және баламалы бағдарларының жайы да сөз болды.

Тараптар Қазақстаннан Ресейге, Тегеранға дейін жеткізілетін, Иран аумағы арқылы Бендер-Аббас портына дейінгі транзиттік тасымалы және Қазақстаннан Иранға қара металл шығаруының барысын қарастырды.

Тараптар екі жақты және үшжақты отырыстар барысында айтылған мәселелерге қатысты хаттамаларға қол қойды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі

 
Print

1422326719 photo 147974

Бүгін Бакуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселесі жөніндегі  Үйлестіру комитетінің 2015 жылдың алғашқы жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Транскаспий көлік бағдарын Үйлестірудің тұрақты  комитетінің жұмыс тобының отырысына  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Түрік мемлекеттік темір жолдары,   «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ, «Грузия темір жолы» АҚ, Баку халықаралық теңіз сауда порты, «Әзербайжан Каспий теңізі кемежайы»ЖАҚ, «Батуми теңіз порты» ААҚ , «Ақтау халықаралық теңіз порты» ҰК» АҚ-ның басшылары қатысты.

Отырыста жүктерді алып жүрудегі бәсекелестік ставкасы,  Транскаспий халықаралық көлік бағдарында контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру мен жарақтандырудың кешенді ставкасына қатысты жайлар қаралды.

Отырыс барысында тараптар биылғы жылы Қытай-Қазақстан –Әзербайжан –Грузия –Түркияға жаңадан іске қосылған Жезқазған-Бейнеу темір жолын, Ақтау теңіз портының әлеуетін пайдаланып, оған қоса Ахалкалаки –Карс темір жол желісі арқылы тарифтік жеңілдікпен контейнерлік сервистік бағдарды жіберуге уағдаласты. 

Аймақтағы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, кеңеске қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалдау көлемін жылына 5,5 миллион тоннаға дейін жеткізуге болатын бірлескен шаралар қабылдады.

Транскаспий көлік бағдарын Үйлестірудің тұрақты  комитетінің 2015 жылғы төрағасы болып «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сайланды. 

Транскаспий көлік бағдарын Үйлестіру комитетінің келесі отырысын биылғы наурыздың 5-7 күндері Стамбулда  өткізу жоспарланып отыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

Керекті сілтемелер